Педофильдің құрбаны бола жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофильдің құрбаны бола жаздады

Педофильдің құрбаны бола жаздады

Елордада тапа тал-түсте педофил кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды.

  • 6 Қыркүйек 2019
  • 6
Фото - Caravan.kz


Қаладағы білім ордаларының маңында ащы суға тойып алған 42 жастағы ер адам бойжеткенге шабуыл жасап, арам пиғылын іске асырмаққа оқталған. Тіпті, куәгерлер тәртіп сақшыларын шақырғанда, ізін суытпақ та болыпты. Оқиға қайда болды?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Куәгерлердің сөзінше оқиға дәл осы жерде болған. Таңғы  10-дар шамасында інісін мектеп әкеле жатқан бойжеткенге ер адам шабуыл жасап, зорламақ болыпты. Алайда, күдіктінің ойлағаны іске асқан жоқ. Осы маңнан өтіп бара жатқан адамдар бойжеткенді құтқарып қалды. Ал, дереу ізін суытпақ болған күдікті мектеп арқылы қашпақ та болыпты. Алайда, полиция қызметкерлері оны ұстап үлгерді".   

Бұл мектепке апаратын жалғыз аяқ жол. Басқа оқушылар сабаққа қатынайтын жер жоқ. Себебі, айналаның барлығы қоршалған, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сондықтан, қорқынышты жермен балалар тұрмақ ересектер де жалғыз жүруге жүрексінетін көрінеді. Педофилдің құрбаны бола жаздаған қыз қаладағы дәл осы 83 мектепте оқиды деген ақпарат шыға сала, анықтамақ болып білім ошағына беттедік, бірақ басшылары қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

"Сотрудники полиции задержали. Все это было вне школьной территории. По этому что то сказать мы не можем. Без разрешения руководство".  Мына әлеуметтік желіге жүктелген кадрлардан күдіктінің түр сипатын байқауға болады. Оқиға орнына шақыртылған полиция қызметкерлері де айналадағы куәгерлерден сұрау алған. Ал, күдікті құрылыс нысандарының қоршауылары арқылы ізін суытпақ болған.          

ЛЮДМИЛА ДЕМИХОВА, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:
"Бүгін сұмдық жәйт орын алды. Ер адам қызды зорламақ болды. Тал-түсте адамдардың көз алдында. Ащы судан ұрттап алған қылмыскер, бойжеткенге тарпа бас салды. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар құтқарып үлгерді. Егер, олар көмекке келмегенде не болар еді? Елестетудің өзі қорқынышты. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз".      

Кейін белгілі болғандай, бойжеткен қаладағы колледждердің бірінің 3 курсында білім алады екен. Ал, қолға түскен күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Егер, қылмысы дәлелденсе 42 жастағы ер адам 15 жылдан 17 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.   

ЭЛЬМИРА ШАУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:
"Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 24-ші және 120-шы баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Яғни көрнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты күш қолданып, жыныстық қатынас жасауға оқталу бабы бойынша. Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалары тағайындалды".

Камера алдында сөйлеуден қорыққан ата-аналар мектептің айналасы дұрыс қоршалмағандығын, құрылыс жүріп жатқан жерлерге жарық шамдары орнатылмағанын айтып шағымдарын жеткізді. Сондықтан, мектеп басшылығынан мұндай сұмдық жағдай қайталанбас үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрап отыр.