Періштелердің белгісі: Сағаттағы сандар сәйкестігі сізге не айтқысы келеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Періштелердің белгісі: Сағаттағы сандар сәйкестігі сізге не айтқысы келеді?

Періштелердің белгісі: Сағаттағы сандар сәйкестігі сізге не айтқысы келеді?

Кейде  уақытқа  қарасақ 10:10, 21:12, 00:00 деген сынды сағат тілі мен минут бірдей сандармен келгенін байқап, сәттілікке балап жатамыз. "Ал, негізінде бұл періштелердің сізге көрсеткен белгісі. Әр санның өз айтары бар", дейді нумеролог мамандар. 

  • 7 Ақпан 2023
  • 1035
Фото - Caravan.kz

Олай болса, қай санның не айтқысы келетінін біле жүрейік. Caravan.kz медиа-порталы нумеролог Құралай Бақыттың кеңесін білді.

Егерде сағатыңызда 1 саны жиі қайталанып тұрса, ойда ұстап жүрген, үнемі сізді алаңдатып жүрген мәселеңіздің басқа да нұсқалар бар. Сізге соны қарастырып көру артық етпейді.

2 саны сізге дәл қазіргі таңда тоқтамай еңбек ету қажет екенін білдіреді. Қазіргі уақытта оған жетерлік күш қуатыңыз бар. 

3 санын көрсеңіз армандарыңыз оңай, жылдам орындалатын кез келді дей беріңіз. Бұл уақытта көбірек дұға, тілек айтып жүрген лазым. 

4 саны сізге "аздап кідір" деп айтады. Эмоцияға берілмей, асығып-аптықпай ойланған жөн. 

5 саны ауқымды өзгерістің белгісі. Жұмыс орнын немесе тұрақты мекенжайыңызды ауыстыруыңыз мүмкін дегендей. 

6 санын көруіңіз тек қана материалдық дүниелерге басымдық беріп кеткендігіңізбен байланысты. Бұл сізге "рухани құндылықтарды да ұмытпаңыз" деген белгі. Дәл осы сәтті, дәл осы жерді сезініп өмір сүре біліңіз. 

Бірнеше 7 санының кездейсоқ алдыңыздан шығуы жақсы белгі. Жан дүниеңіз баланста деген сөз. Мұны біз "Періштелер сенімен мақтанады" деп те атаймыз. Періштелер сізді қолдап жүр.


8 саны сәттіліктің белгісі. Өміріңіздің жаңа бір кезеңі басталуы да мүмкін. Қазір сіздің жолыңыз болатын уақыт.

Алдыңыздан 9 саны шыға берсе маңайыңызға қарайлаңыз. Қайырымдылықпен айналысқаныңыз жақсы. Айналаңызда сіздің көмегіңізге мұқтаж адам болуы мүмкін.

0 бір шеңберде айналып жүргеніңізді білдіреді. Тоқтап, ойланғаныңыз дұрыс. Сіздің сабақ алып, әрі қарай жылжуыңыз қажет.