Перуде көлік апатынан 20 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перуде көлік апатынан 20 адам қаза тапты

Перуде көлік апатынан 20 адам қаза тапты

Перуде көлік апатынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Newsru.com.

  • 1 Маусым 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz

Хабарлама бойынша, Перу астанасынан Аякучо қаласына бет алған жолаушылар автобусы аударылып түскен. Оннан аса адам әр түрлi дәрежедегі дене жарақатын алды. Автобуста барлығы 66 адам болған, деп мәлімет береді ИТАР-ТАСС.

Оқиға себебі анықталуда.

Аман қалған жолаушылардың айтуынша, Аякучо қаласына бір сағат уақыт қалғанда жолға қандай да бір жануар жүгіріп шыққан көрінеді. Қақтығысып қалмауды ойлаған жүргізуші рөлді бірден бұрып қалады да, көлік аударылып кетеді. Сонымен бiрге көптеген жолаушылар автобустың жоғары жылдамдықпен жүргенін атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар