Петерборда қазақ дипломатын тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петерборда қазақ дипломатын тонап кетті

Петерборда қазақ дипломатын тонап кетті

Санкт-Петерборда қазақ дипломатын тонап кетті. Өмірбақи төтенше және өкілетті елші деген атағы бар Бекжасар Нарбаевтың қолындағы сөмкесін қонақүйдің мейрамханасында үптеп кеткен.

  • 1 Тамыз 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz


71 жастағы құрметті дипломаттың аңғалдығы ма, әйтеуір құнды заттарын мейрамханадағы үстел үстіне қараусыз қалдырып шығып кеткен. Ұры маңызды құжат, дипломатиялық төлқұжат, екі фотоаппарат пен қомақты ақша салынған сөмкені алып кетіпті. Ресейдің Ішкі Істер органдары дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Бекжасар Нарбаев бірнеше мемлекетте елші, сондай-ақ Сыртқы Істер министрлігінде лауазымды қызметттер атқарған белгілі тұлға. Зейнеткерлікке шықса да, өмірбақи Төтенше және өкілетті елші деген құрметті атағы бар. Сондықтан қай жерде жүрсе де, дипломат халықаралық заңдармен  қорғалған. Бес жыл бұрын да дәл осындай жағдай Еуразия экономикалық қоғамдастығының бас хатшысының басынан өткен еді. Мәскеуде ұрылар Тайыр Мансұровтың пәтеріне түсіп, сейфтен 140 мың доллар, 30 мың еуро, алтын мен әшекей бұйымдарды қолды қылған болатын.