Петербургте ер адам әйелі мен баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Петербургте ер адам әйелі мен баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салды

Петербургте ер адам әйелі мен баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салды

Петербург полициясы ер адамның, оның әйелі мен төрт жасар ұлының өлімінің мән-жайын тексеруде. Қайғылы оқиға қаланың Фрунзе ауданында орын алды, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 11 Мамыр 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz

Өңірлік полицей Басшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, 35 жасар ер адамның мүрдесі Малая Балканская көшесі бойындағы №32 үйдің терезесінің жанынан табылды. Полиция бөлімшесінде қайтыс болған ер адам осы үйдің 13-ші қабатынан секіргендігін растаған.

Қаза тапқан адамның кім екені және мекен-жайы анықталысымен, полицейлер сол үйдің 2-ші қабатындағы марқұмның пәтеріне келгенде пышақ жарақаттарынан қайтыс болған әйелі мен төрт жасар ұлының мүрдесін тапқан.

Алдын ала деректер бойынша, ер адам оқиға болатын түннің алдында Санкт-Петербург түнгі клубтарының бірінде көңіл көтеріп, кейін үйіне келіп өз-өзіне қол салған.


Қазір полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Полиция қызметкерлері отағасының әйелі мен баласын өлтіруге қатыстылығын жоққа шығармай отыр.