Петропавл әкімдігі пара алып сотталған шенеуніктің туыстарына митинг өткізуге рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл әкімдігі пара алып сотталған шенеуніктің туыстарына митинг өткізуге рұқсат берді

Петропавл әкімдігі пара алып сотталған шенеуніктің туыстарына митинг өткізуге рұқсат берді

Жемқорларды жазадан құтқарайық! Бүгін Петропавлда пара алып сотталған шенеуніктің туыстары митинг өткізді.

  • 16 Мамыр 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бір қызығы Петропавлдың әкімдігі де митинг өткізуге рұқсат бере қойыпты. Шенеуніктер де облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Ратмир Усманов жазықсыз деп ойлаған болса керек. Ол кәсіпкерден 10 мың доллар алғаны үшін 6 жылға сотталған болатын. Экс-шенеуніктің туыстарының бұлайша даурығуы тегін емес. Апелляциялық соттан жеңілген олар енді кассациялық соттан үміттеніп отыр.

Суфия Усманова , Ратмир Усмановтың анасы:

-Қаржы полициясы менің ұлымның сөзі жазылған таспаны монтаждаған. Салдарынан ақшаны қарызға алдым деген сөздердің бәрі өшіп қалыпты. Бізде досыңнан қарыз алғаның үшін де соттайды. Бұл әділетсіздік!