Петропавл: Шенеуніктер автобуста орын бермейтін жастарды тәрбиелеуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл: Шенеуніктер автобуста орын бермейтін жастарды тәрбиелеуге кірісті

Петропавл: Шенеуніктер автобуста орын бермейтін жастарды тәрбиелеуге кірісті

Петропавлдық шенеуніктер қоғамдық көліктерде қонжиып отырып алатын жастарды тәрбиелеуге кірісті. Тіпті ер-азаматтарға арнап әйелдер мен қарттарды құрметтеуге шақырған ескерту парақшаларын автобустарға іліп үлгерген. Бірақ мұндай шарадан кейін де сыпайылық танытып жатқандар шамалы. Бұған қапаланған жұрт мәдениеттен жұрдай жастардың үстінен облыс басшысына арыздана бастады.

  • 21 Тамыз 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

 «Бұрын барсаң орын бар». Бұл қағиданы автобусқа мінген Петропавл тұрғындары берік ұстанған. Еркегі әйеліне, кішісі үлкеніне қоғамдық көлікте орын беруден қалыпты. Олардың бұл ерсі қылығына ашынған  Жанар Қанафина облыс әкімінің өзіне дейін арызданды. Еліміздің бірнеше қаласында тұрып үлгерген келіншек Петропавлдағыдай жағдайды өзге өңірлерде кездестірмегенін айтады.

Жанар Қанафина, Петропавл қаласының тұрғыны:

— Ер адамдары отырады, үлкен кісілер мен жүкті әйелдерге орын бермейді.

Шенеуніктер де Жанардың өтінішін жерге тастамаған. Құр жауап беріп қана қоймай, дереу автобустарға ескерту парақшаларын ілуге кірісіпті.

Галина Семенова, Жолаушы тасымалдаушылар қауымдастығының төрайымы:

— Біздер автобустарға «қарттар мен жүкті әйелдерге орын бер» деген ақпараттық парақшаларды іле бастадық. Мұндай шараны қолға алуға қарапайым тұрғынның өтініші себеп болды. Әзірге барлық көліктерге іліп үлгермей жатырмыз.

Бадырайтып жазып қойған ескертуді әзірге елеп жатқан ешкім жоқ. Себебі, әдеп танытып орын беруге тұрғындар бұрынғысынша құлықсыз.


— А вы место когда-нибудь уступаете женщинам или пожилым?

— Уступаю

— А сейчас?

— Женщина, отстаньте!

Шенеуніктер мен жолаушылар тасымалдайтын мекеме қызметкерлері құр парақша ілумен шектелмейміз деп отыр. Ескертуді көзге ілмегендер үшін кондукторлар әр аялдама сайын дауыстап айтып отыратын болады.  

Соңғы жаңалықтар