Тиісті орындар айналасы бір апта ішінде автобус аялдамаларына орнатылған 12 қоғамдық дәретхананың екеуінің орнын сипап қалған. Бұларды орнатуға бір миллион теңге жұмсалған екен. Ал қала сыртындағы жағажайда тұрған 20 шақты жатын орынның қазір тек төртеуі ғана қалыпты. Осындағы душ кабиналарының да бірнеше су сепкіші ұрланған. Ұрылар шахар ішіндегі гүлзарларға да қырғидай тиюде. Жаздың басында ғана отырғызылған гүл көшеттерінің үш мыңнан астамын қайта егуге тура келді. Гүл ұрлаушылардың кесірінен қалаға 200 мың теңгеден артық шығын келді дейді атқамінерлер.