Петропавл тұрғындары құрылысшылармен төбелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғындары құрылысшылармен төбелесті

Петропавл тұрғындары құрылысшылармен төбелесті

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары өз аулаларын күшпен қорғауға шықты. Өйткені кәсіпкер әйел олардың бес қабатты үйлерінің іргесіне дәмхана салмақшы екен. Бұған наразы халық ор қазуға келген техниканы жүргізбей, құрылысшылармен төбелесуге дейін барды.

  • 8 Қараша 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz


Оқиғаны тұрғындар өздері бейнетаспаға түсіріп, ғаламторға да салған. Мына  кадрларда зейнеткерлер құрылысшылармен жаға жыртысып жатыр. Таяқ жеген қарттар Ішкі істер басқармасына шағым түсіріпті. Дауға айналған осы ұлтарақтай жерге Наталья Чекунова есімді кәсіпкер әйел тұрғын үйге жапсарластырып кафе тұрғызбақшы. Қолында жергілікті биліктен алған рұқсаты да бар. Алайда жаңа нысанның кесірінен ауламыз жын-ойнаққа айналады деп алаңдаған тұрғындар осымен жетінші рет ор қазуға келген техниканы жүргізбей тастады.