Петропавл тұрғыны гараждан жарылғыш зат тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғыны гараждан жарылғыш зат тауып алды

Петропавл тұрғыны гараждан жарылғыш зат тауып алды

Петропавлда зейнеткер гараждан оқу гранатасын тауып алды.

  • 21 Маусым 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

12 маусымда 61 жастағы Петропавл тұрғыны сатып алған гаражын тазалап жүріп, металл кастрюльден гранатаға ұқсас зат тауып алған. Қауіпті зат туралы “102” арнасына қоңырау шалып, полицияға хабарласқан.

Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар келгенше, зейнеткер затты сыртқа алып шыққан. Анықталғандай, табылған зат F-1 оқу гранатасы болып шықты.

Күдікті зат тауып алған жағдайда, дереу полицияға хабарлау керек. Ешқашан қауіпті затты орнынан жылжытуға тырыспаңыз. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.


Соңғы жаңалықтар