Таңертең қызуы көтеріліп, басы ауырған жауынгер аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Ондағылар алғашқыда сарбазға «өкпесі қабынды» деген диагноз қойған. Алайда кешке қарай Әлиханның жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалғанда , дәрігерлер оны облыстық ауруханаға апарады. Жауынгер осы жерде он күн бойы ес жимай жатып, Оралдан әдейі келген әкесі мен апасының қолында қайтыс болды. Бұл оқиғадан соң Астанадан келген эпидемиолог мамандар Әлиханмен бір казармада тұрған сарбаздарды түгел тексеріп, тағы төртеуінен аурудың қоздырғышын тапқан.
Ақиқат Жұмаханов- 66/37 әскери бөлімінің бастығы:
— Ауру қоздырғышы табылған төрт сарбаз қажетті ем-дом алып, толығымен жазылды. Қазір қызметтерін жалғастырып жатыр. Сарбаз өліміне қатысты арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы анықталуда. Әлихан Мақсатовтың менингит қоздырғышын қайдан жұқтырғаны белгісіз.