Оны тіпті жарақат алған қарияға көмек көрсеткен екен. Бірақ зейнеткер ауруханада көз жұмды. Камераның арқасында күдіктінің аты-жөні сол күні-ақ анықталды. Алайда бой тасалаған жігітті табу оңайға соқпады. Тәртіп сақшылары ата- анасына қолқа салғаннан кейін ғана, араға 10 күн салып, әкесі қылмыс жасаған баласын тәртіп сақшыларына өзі әкеліп тапсырған. Кейін ол ұлының орман ішіне апарып тыққан мотоциклін де полицейлердің қолына берді.
Мадияр Харіпов, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
— Мотоцикл жүргізушісі табылып, оны әкімшілік полиция басқармасына шақырып, хаттама алып, сұрастыру жұмысының барысында өзінің жол оқиғасына қатысты екенін дәлелдеп, қорыққаннан тастап кеткені жайлы хабарлады.