Петропавлда ақыл-есінен алжасқан әйелдің туыстары іздестірілуде
Зейнет жасына жеткен ол өзінің аты-жөнін де білмейді. Үсті-басы ұқыпты, киген киімі де арзанқол емес. Алайда арнайы орталықта жарты ай жатқан әйелді ешкім іздеп келмепті. |
Жасы шамамен алпысты алқымдаған әйел өзін алғашында Глухова, кейін Бедненко, сосын Бондаренко деп таныстырыпты. Осы фамилиялар бойынша барлық тізімнен іздеген тәртіп сақшылары ол туралы еш ақпарат таппады. Шашы сәнді етіп қиылып, қол-аяғының тырнақтарына шейін боялған әйел енді жарты айдан бері арнайы орталықта құбыр жағалайтын қаңғыбастармен бірге тұрып жатыр. Психиатр оған склероз диагнозын қойған. Ал полицейлер әлі де оның туыстарынан бір хабар бола ма деп күтіп жүр.
Әділ Қайридденов, СҚО ІІД қабылдау-орналастыру орталығының бастығы:
-Саусақ іздерін жібердік. Сотталмаған болып шықты Дәрігермен сөйлестік ешқандай хабар болмай жатыр, сол себепті осы тұлғаны ары қарай іздеп жатырмыз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін