Петропавлда баспана кезегінен шығып қалған жетім жігіт өзінің «өлгенін» естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда баспана кезегінен шығып қалған жетім жігіт өзінің «өлгенін» естіді

Петропавлда баспана кезегінен шығып қалған жетім жігіт өзінің «өлгенін» естіді

Петропавлда жетім жігіт өзінің өлгендердің қатарына қосылып кеткенін естіп, енді құжаттарды жинау әлегімен жүр.

  • 6 Қазан 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавл тұрғыны Александр Рябуха 25 жаста. Жетімдер үйінде өскен ол бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Жақында жігіт өзінің тізімнен шығып қалғанын білген.

«Наурыз айын қарағанда мен әкімдіктің баспана бойынша кезегінде болдым. Бірақ маған мені кезектен алып тастағандығы жөнінде sms-хабарлама келді. Тізім жарты жылда бір рет жаңартылады. Сол себепті күттім. Жақында ол жаңартылыпты, менің тізімде жоқ екенімді досым көріп, айтты. Ия, шынында да жоқ екенмін. Әкімдікке барып білдім. Бұл қателік дейді. Кезектен алып тастау себебінде менің қайтыс болғаным көрсетіліпті. Өткен екі күн бойы өзімнің тірі екенімді және мені қайта кезекке қосулары үшін құжаттар жинадым», — дейді Александр Рябуха.



Петропавл қалалық әкімдігі жақында бұл олқылықтың орнын толтырмақ.

«Республикалық мәліметтер базасында жүйелік бұзылу болған. Салдарынан Александрдың мәртебесі көрінбейді. Ол өткен аптада қалалық әкімдікке келді, оған не істеу қажеттігі айтылды. Ертең көші-қон полициясына барып, мәртебесін жаңартамыз. Мәртебесі 5 күннің ішінде өзгеруі керек. Тек содан кейін ғана оны баспана бойынша кезекке бұрынғы орнына қайта қояды. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз», — дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Азат Ыбыраев.

Соңғы жаңалықтар