Ақпараттық технология саласындағы қылмыстарды анықтайтын «К» тобының мамандары «Қазақтелеком» АҚ-на тиісті сұраулар жіберген.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Сергей Пуртовтың айтуынша бұл сұрауларға келген жауаптар өзіне белгілі фирма компьтерлерінің мәліметтерін пайдаланған компьютерші маманмен істес болу жайындағы қызметкерлердің болжамдарын айғақтаған.
«Кейін белгілі болғандай фирма бухгалтері оны электронды жәшіктегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жалдаған екен. Фирманың паролі мен логинін есіне сақтаған компьютерші үстіміздегі жылдың 30 қаңтарынан бастап 20 ақпанына дейін өзінің үйіндегі компьютерінен бірнеше мәрте Интернетке фирма есебінен шыққан», — деп атап көрсетілген баспасөз релизінде.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 182-бабы (алдау немесе сенімді асыра пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғау үшін істің ақ-қарасын анықтайтын органдарға берілді.
«Компьютерлік технология саласындағы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғау үшін Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет іс дайындалып жатыр», — деп атап көрсетілген баспасөз релизінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті