Жарияланды: 390

Петропавлда бірінші тоқсанда 4,5 млн. теңгенің әлеуметтік төлемдері берілді

Бірінші тоқсанда Петропавлдың 4000 тұрғынына 4,5 млн. теңгенің түрлі әлеуметтік төлемдері берілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл қалалық еңбек, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы Лариса Орловская хабарлады.

Осы мерзімде кедейлікті жеңу жөніндегі қалалық комиссия өздеріне келіп түскен өтініштер бойынша 68 қала тұрғынына 163 мың теңгенің жәрдемін берді. 20 адамға қоғамдық аймақтық қолдау қоры қолұшын берді. Мүгедек ересектер мен балаларға, сондай-ақ, жетімдерге мүгедектерді сауықтыру кәсіпорны көмектесті. Мұқтаж адамдар 482 мың теңгенің азық-түлік өнімдері, киім-кешектері мен ақшалай жәрдеміне ие болды. Қайырымдылық шараларына діни конфессиялар мен қаладағы өнеркәсіп, құрылыс, коммуналдық және жол саласының кәсіпорындары да қатысты. Наурыз мейрамы кезінде 1812 зейнеткер және мүгедек адамдар азық-түлік қоржынына ие болды. Қалада жалғызбасты жандарды қолдаудың төрт сатылы бағдарламасы жұмыс істеуде. Л.Орловскаяның айтуынша, бірінші тоқсанда 334 зейнеткер кәсіпорын, мекемелер мен ұйым басшыларынан жәрдем алды. Бұл мақсатқа олар 483 мың теңге бөлді. Қайырымдылық шараларына қаланың қарапайым тұрғындары да атсалысты. Олар мұқтаж жандарға арнап киімдер мен алғашқы қажеттілікке арналған заттар бөлді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін