Петропавлда чемпионатқа қатысып жатқан жас каратэшілер астан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда чемпионатқа қатысып жатқан жас каратэшілер астан уланды

Петропавлда чемпионатқа қатысып жатқан жас каратэшілер астан уланды

Республикалық спорт жарысының қатысушылары Петропавлда дәмханалардың бірінде кешкі ас ішкеннен кейін ауруханадан бір-ақ шыққан.

  • 8 Мамыр 2017
  • 538
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының м.а. Татьяна Горлованың ақпаратына сәйкес, СҚО-да кекушинкай каратэ бойынша ашық чемпионатына қатысып жатқан 11 сортшы (9 — 17 жас аралығындағы) өткір ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті.

«Қазіргі уақытта департамент күші эпидемияға қарсы шара ұйымдастыруда», — деп хабарлады Татьяна Горлова.


Департаменттің баспасөз қызметінде мамандар азық-түліктен сынама алып, қазметкерлерді тексергенін атап өтті. Талдаудың алғашқы нәтижесі бес күннен кейін әзір болады.

Соңғы жаңалықтар