Петропавлда ең қымбат мейрамхана өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ең қымбат мейрамхана өртенді

Петропавлда ең қымбат мейрамхана өртенді

Петропавлда ең  қымбат мейрамханалардың бірі отқа оранды. Жанып жатқан ғимараттан 50 адамды дереу құтқарғанымен, төтенше жағдай қызметкерлері жалынды төрт сағат ауыздықтай алмай әлекке түскен.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz


Қайта, тілсіз жау мейрамханаға іргелес тұрған мешіт, салық пен ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің ғимараттарына жеткен жоқ. Өрт кешкі сағат сегіз кезінде мейрамхана шатырынан шыққан. Оны сөндіруге жүзге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушыларға қаланы сумен қамтамасыз ететін мекеменің көліктері де көмек берген. Жалын 4 сағаттай бой бермей, ақыры мейрамхананың жартысы жанып кетті.