Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
"Петропавлда Есіл өзенінде Заречный кенті ауданында балықшылар 44 жасар әйелді тауып алады. Суға түсіп кеткен әйел ағыспен қараусыз қалған саяжай ауданына жетіп, сол жерде бір ағашқа ілініп қалған. Балықшылар «112» нөміріне қоңырау шалып, оқиға орнына сүңгуір-құтқарушылар келді. Әйел судан аман-есен шығарылып, судағы құтқару бекетіне жеткізілді. Зардап шегушінің айтуынша, оны өзімен бірге тұрып жатқан жігіті автомобиль көпірінен Есіл өзеніне құлатып жіберген", — делінген ТЖД қызметкерлерінің хабарламасында.
Жедел жәрдем бригадасы әйелді ауруханаға жеткізді. Ер адамның осыншалықты қатыгез әрекетінің себептері анықталуда. Тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бастап облыстың судағы құтқару қызметінің қызметкерлері 3 адамды құтқарды.