Петропавлда ескі зират тастарының ашық аспан астындағы мұражайы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ескі зират тастарының ашық аспан астындағы мұражайы ашылды

Петропавлда ескі зират тастарының ашық аспан астындағы мұражайы ашылды

Петропавлда ескі зират тастарының ашық аспан астындағы мұражайы ашылды. Осыдан 5 жыл бұрын мешіт маңына әкелінген құлпытастардағы жазулар оқылып, оның кімге тиесілі екендігі анықталғанымен, үрім бұтақтары табылмаған. Енді мешіт қызметкерлері оларды бір жерге жинап, шағын мұражай ашып отыр.    

  • 27 Қазан 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

Петропавлдағы ескі мұсылман зираты қазіргі орталық саябақ маңында орналасқан. Кеңес үкіметі тұсында зират бұзылып, құлпытастардың дені құрылысқа және жол салуға пайдаланылған болатын. Бір қызығы, осы тастар төселген жолда апаттар тым көбейіп кетіпті. Ақыры, кезекті жөндеу жұмыстарынан кейін ескерткіш тастар қазып алынып, Дін Мұхаммед  мешітінің маңына үйіп тастаған-ды. Тастардағы жазу қазақша, татарша, арабша және парсы тілдерінде жазылған екен. Мамандардың айтуынша, дені  Петропавлда 19-шы ғасырда өмір сүрген бай көпестерге тиесілі. Арасында Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің құлпытасы да бар. Бірақ оны шенділер бұрынғы зиратқа қайта орнатты. Ал қалған тастардың иелері сол күйі анықталмаған.


Рамазан Сейітжанұлы, Петропавл қаласының тұрғыны:

— Имамның  айтуынша, осы тастарды мешіт маңына әкелгеніне бес жыл болыпты. Содан кейін аруақтардың ұрім бұтақтары алып кетеді деген оймен бес жылдай күттік, ешкім келмегеннен кейін, бүгін міне имамға келіп, осы тастарды қояйық деген ұсыныс жасап, інішіктер жиналып, мінекей  осы тастарды қойып жатқан бетіміз бар.

Соңғы жаңалықтар