Петропавлда гашишпен ұсталған азамат ұялғанынан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда гашишпен ұсталған азамат ұялғанынан кешірім сұрады

Петропавлда гашишпен ұсталған азамат ұялғанынан кешірім сұрады

Бес мың доллар табамын деп басы бәлеге қалды. Петропавлда осындай сыйақы үшін 40 келі «ауған чарсы» деп аталатын экзотикалық гашишті Ресейге өткізген Тәжікстан азаматы ұсталды.   

  • 4 Қараша 2015
  • 214
Фото - Caravan.kz

52 жастағы ер адам қаланың ортасында таксимен кетіп бара жатқан жерінде қолға түсті. Тәртіп сақшылары есірткіні көліктің жүксалғышындағы екі сөмкеден тапқан. Мамандардың айтуынша, оның күштілігі героиннен кем емес. Бір қолданғаннан- ақ тәуелділік тудыратын көрінеді. Ұсталған азамат Тәжікстаннан Қызылжарға өткен айдың басында сауда жасауға келген екен. Айтуынша, таныстары екі сөмкені Ресейге алып өту үшін бес мың доллар ұсынғанда бас тарта алмапты. Тәркіленген тауардың қара базардағы құны 120 мың доллар. Отанында төрт баласы қалған тәжік енді15 жылын біздің елдің түрмесінде өткізуі мүмкін.    

-Бұрын заң бұзып көрген емеспін. Сөмкелерде есірткі барын білдім. Бірақ ақша қысқасын келісіп едім. Өкініп отырмын, бала- шағамнан ұят болды .