Петропавлда Калашников автоматының жетілдірілген түрін жасаған адам қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Калашников автоматының жетілдірілген түрін жасаған адам қолға түсті

Петропавлда Калашников автоматының жетілдірілген түрін жасаған адам қолға түсті

Ол қару-жарақ жасап сатуды әдетке айналдырған екен.  Ұсталған сәтте  шеберханасынан оқ-дәрілер мен көптеген қару-жарақ тәркіленген.

  • 6 Тамыз 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz


Жамбыл Асылбек, СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері:

-Петропавл  қаласының  тұрғынынан бес қару автомат калашниковтың макеті мен 4 газды тапанша және Калашников автоматын арналған 108 оқ-дәрі тәркіленді. 

Тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің бәрі баллистикалық сараптамаға  сай қолдануға жарамды деп табылған. Бұларды Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны дайындапты. Ол бұрын темір ұстасы болып істеген екен. Алайда соңғы  жылдары  қару жасап сатуды табыс көзіне айналдырыпты.  Ұсталған сәтте  оның үйінен Калашников автоматына қажетті  саймандардың  сызбалары табылған.  Аты әлемге әйгілі автоматты ол тіпті жетілдіріп, қаруға оптикалық көздегіш те орнатыпты. Айта кетейік, зауыттан  шыққан нұсқасында мұндай құрал болмайды. Қазір күдікті қамауға алынды. Қылмысы  дәлелденсе  сегіз жылға сотталуы мүмкін.