Жарияланды: 660

Петропавлда Халықаралық қатынастар жөніндегі Ұлттық демократиялық институттың директоры саяси көрме өткізді

24-шілдеде Петропавлда АҚШ Халықаралық қатынастар жөніндегі Ұлттық демократиялық институттың Қазақстандық директоры Томас Брайдлдың бастамасымен тұңғыш рет "Аймақта демократиялық саяси мәдениетті дамыту" деген тақырыпта саяси көрме өткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

АҚШ Ұлттық демократиялық институты - дүниежүзінің 60-тан астам елінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым. Ұйымның іс-қызметі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдасу арқылы дүниежүзіндегі демократиялық процесстердің ауқымын кеңейту және оны нығайтуға бағытталады. "Біз американдық жүйені ешкімге күшпен таңбай-ақ, жергілікті бастамаларға қолдау көрсеткіміз келеді",- деді Т.Брайдл. Оның айтуынша, Ұлттық Демократиялық институттың Қазақстандағы жұмысы екі түрлі мақсатты көздейді : екі мемлекет арасындағы диалогты дамыту және айналада болып жатқан әр нәрсеге өзіндік көзқарас қалыптастыруға талпынатын саяси партияларға қолдау көрсету. Шараның саяси көрме деп аталу себебі, онда әр партияға өз "өнімдерін", нақтырақ айтсақ, өз идеясы, ойлары мен ұмтылыс-мақсаттарын бұхара назарына ұсынумен бірге, өздері туралы биік мінберден және сан алуан басылым беттерінде жұртшылыққа кең көлемде жариялау мүмкіндігіне ие болды. Т.Брайдл мұндай шара адамдарды саяси процесстерге атсалысуға аз да болса итермелейді дегенге үміт білдірді. Шараға қатысушылардың сұрағына жауап берген Т.Брайдл алдағы жергілікті мәслихаттар сайлауында алдан шығуы мүмкін басты проблемалар арасында үкіметтің кейбір партияларды тікелей қолдауын, сайлау комисияларының әділетсіз жұмысын, кейбір партиялар үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы жолдың жабықтығын атады. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін кездескен қиындықтар туралы ашық айту, тәуелсіз бақылаушыларды шақыру қажеттігі сөз болды. "Сайлау жоқ жерде идеялардың бәсекелестігі жоқ, ал онсыз демократияны дамыту мүмкін емес",- деді Т.Брайдл.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть