Петропавлда көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ болмайды

Петропавлда көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ болмайды

Петропавлда бүгін көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлады СҚО ТЖД.

  • 24 Ақпан 2016
  • 279
Фото - Caravan.kz

«Қалыптасқан жағдайға байланысты СҚО ТЖД шұғыл ден қою шараларын қабылдады. Көліктегі апаттың алдын алу мақсатында 2016 жылғы 23 ақпанда сағат 20.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыт бойынша СҚО автожолдарында қозғалыс шектелді. Бұл шешім туралы хабарлама Петропавл қаласы, облыс аудандарының басқару органдарына, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының назарына жеткізілді», — делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ жарақаттануды болдырмау мақсатында 24.02.01 ж. Петропавл қ. 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайтын болды.

ТЖ алдын алу жағдайды бақылау мақсатында СҚО ТЖД-де жедел штаб құрылды, жұмыс түнге дейін жалғасты.


23 ақпанда өткен тәулікте Шал ақын, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласында  жолдарда көктайғақ салдарынан 6 жағдай тіркелді, көліктерге көмек көрсетілді.

Қабылданған шаралар арқасында төтенше жағдайдың алды алынып, ешкім зардап шекпеді.

Көлік қозғалысына 24 ақпан таңертеңгі сегізде рұқсат етілді.