Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, 5 жасар бала зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, 5 жасар бала зардап шекті

Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, 5 жасар бала зардап шекті

Петропавлда мас жүргізуші көлігімен аялдамаға соғылды.

  • 12 Наурыз 2019
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға демалыс күндері болған. BMW жүргізушісі өзге көлікті басып озбақ болып автобус аялдамасына соғылған. «Салдарынан аялдамада тұрған үш адам жарақаттанды. Олар: 63 жастағы ер адам, 61 жастағы әйел және 5 жасар қыз. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілген. BMW көлігін Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық тексеріс актісіне сәйкес, жүргізуші мас күйде болған», — делінген хабарламада. Тиісті сараптамалар белгіленді. Олардың нәтижесі бойынша материалдар сотқа беріледі.



 

Соңғы жаңалықтар