Петропавлда нан үшін велосипед ұрлаған адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда нан үшін велосипед ұрлаған адам ұсталды

Петропавлда нан үшін велосипед ұрлаған адам ұсталды

Петропавлда велосипед ұрлаумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол аш құрсақ отырған 2 балама нан табу үшін қылмысқа бардым деп ақталуға тырысты. Ал шын мәнінде қаражат есірткіге қажет болыпты.

  • 7 Мамыр 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz

Алайда мүсәпірдің бала-шағасына бір тиын да бұйырмапты. Әйелінің айтуынша, оның үйден кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Еш жерде жұмыс істемейтін азамат бұған дейін есірткі саудасы үшін сотталып шыққан екен. Ол көпқабатты үйлердің алдында тұрған велосипедтерді ұрлап, өз бағасынан 10 есе арзанға сатыпты. Нақты қаншауын ұрлағанын өзі де білмейді. Ал полиция 8 эпизодты дәлелдепті. Енді ол алдағы 5 жылын абақтыда өткізуі мүмкін.