Петропавлда оқушы қыз құтқарушыларды әбігерге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда оқушы қыз құтқарушыларды әбігерге салды

Петропавлда оқушы қыз құтқарушыларды әбігерге салды

Петропавлда 10 жасар қыз шаһардың бүкіл шұғыл қызметін аяқтарынан тік тұрғызды. Жеткіншек көршісіне телефон соғып, үйлеріне «жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары 300 адамды қауіпсіз жерге шығарып, жарты сағат бойы бомба іздеді.

  • 12 Қараша 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Эвакуацияланған тұрғындардың ішінде қарттар мен елуге жуық сәби болған.  Оларға жылынып алу үшін арнайы автобус шақыртылды. Ал бомба қойылды деген үйді саперлар мен кинологтар итпен бірнеше сағат бойы тінтіді.  Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Араға бір сағат салып «телефон лаңкесі» де анықталды. Он жасар қыз күзгі демалыста іші пысқаннан осындай бұзықтық жасағанын айтуда. Енді қызының осы қылығы үшін ата-анасына бір миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін.