Жарияланды: 60

Петропавлда оқушылар флешмобтан кейін жаппай ауырып қалған

Петропавлда оқушылар флешмобтан кейін жаппай ауырып қалған

Петропавлдағы №25 мектептің оқушылары 1 мамырға арналған флешмобқа қатысқан соң жаппай ауырып қалды, деп хабарлайды caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жеңіл киім киген оқушылар Қазақстан халықтарының бірлігі күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үш минуттық бейнеролик түсірген.

Флешмоб өткен 28 сәуір күні Петропавлда ауа-райы салқын болғанына қарамастан оқушылар жеңіл киім киіп шыққан. Мектеп директоры оқушыларға жылы киім киюге тапсырма бергенін айтады. Бірақ видеодан оқушылардың жеңіл киіммен жүргенін көруге болады.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастырушылар жазаланғанын айтады.

"Оқушылар 5 минуттық видео түсіру үшін сыртқы киімдерін шешкен. Флешмобқа қатысқандар ыстық тамақ берілді. Бірақ бұған қарамастан ұйымдастырушылар оқушылардың денсаулығына алаңғасарлық танытқаны үшін білім басқармасы оларға тәртіптік ескерту жасады", - делінген мәлімдемеде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін