Жарияланды: 20

Петропавлда полицейлер ірі пәтер ұрлығын ашты

Петропавлда полицейлер ірі пәтер ұрлығын ашты

Петропавлда полицейлер ірі пәтер ұрлығын ашты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

31 наурыз күні 1958 жылы туған петропавлдық кәсіпкерлердің бірі пәтер ұрлығы фактісі бойынша полицияға жүгінді. Иелері үйде болмаған кезде белгісіз қылмыскерлер үйді кілтпен ашып, сейфті бұзып, тауар сатып алуға жиналған ақшаны ұрлап кеткен. Шығын 6,5 миллион теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейін тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қаскөйлер үнсіз әрекет етіп, ешқандай із қалдырмаған. Соған қарамастан, СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері айғақтарды мұқият зерттеп, екі күдіктіні анықтады. Олардың бірі, бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы петропавлдық, екіншісі тонау үшін сотталған – 1978 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған заттың бір бөлігі қайтарылды.

“Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу және іс бойынша қосымша айғақтар жиналып жатыр”, – дейді СҚО ПД басшысының орынбасары Руслан Назаров. – Айта кету керек, пәтер ұрлығының алдын алу үшін күзет агенттіктерімен келісім жасап, сигнализациялар орнатып, подъездерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау ұсынылады. Сонымен қатар, ең сенімді құрылғыларға басымдылық жасай отыра, пәтерлердің құлыптарын мұқият таңдау керек”.

Барлығы жыл басынан бері СҚО-да 240 пәтер ұрлығы тіркелді. Оның ішінде қазіргі уақытта 204-і ашылды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін