Жарияланды: 380

Петропавлда қаруланған жігіт банкті тонамақ болған

Петропавлда қаруланған жігіт банкті тонамақ болған

Петропавлда банкті тонамақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды.

Ол өткен жұмада банктердің филиалдарының біріне баса-көктеп кіріп, пневматикалық тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен, деді дүйсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқова.
Оның айтуынша, банктің 56- жастағы күзетшісі одан тапаншаны тартып алған, бірақ жігіттің қолында басқа бірталай қару бар болып шықты. Ол сөмкеден басқа бір қаруды шығарғанда, әскери наряд күзетшіге көмекке үлгеріп келіп, қарақшыны ұстап алған.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін