Петропавлда Қаржы полициясы жасырын букмекерлік кеңсені әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Қаржы полициясы жасырын букмекерлік кеңсені әшкереледі

Петропавлда Қаржы полициясы жасырын букмекерлік кеңсені әшкереледі

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Петропавловск қаласында бір жылдан астам уақыт бойы заңсыз жұмыс істеген букмекерлік кеңсе қызметінің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 633
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сүйенсек, букмекерлік кеңсенің күнделікті айналымы 200 мың теңгеге дейін жетіп отырған.

«Мұнда барлық ойындарға ұтыс қойылып отырған. Алайда, қожайындарынан қызметтің бұл түрін анықтайтын еш құжат табылмады. Бір жылға жуық уақыт бойы жасырын қызмет орны қала орталығында Орталық әмбебап дүкенінің ғимаратында жұмыс істеп келген», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қаржы полициясының қызметкерлері ол жерден есеп берулер мен 170 мың теңге тәркілеген.

Қазіргі уақытта соттық-есептемелік сараптама белгіленген. Одан кейін процессулдық шешім қабылданады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті