Петропавлда қаржы полициясының экс-басшысы өзін не үшін өлтірмек болғанын түсінбеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда қаржы полициясының экс-басшысы өзін не үшін өлтірмек болғанын түсінбеді

Петропавлда қаржы полициясының экс-басшысы өзін не үшін өлтірмек болғанын түсінбеді

Петропавлда қаржы полициясы бастығының  орынбасарын атып өлтіргендердің соты жалғасуда. Қателескен киллер бастығына емес,  орынбасарына оқ жұмсаған. Бұл жолғы отырысқа куәгер ретінде ғайыптан тайып аман қалған Нұрлан Шабдардың өзі келіп қатысты. Тапсырыстың қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармаса да, ол ештеңеден қорықпаймын деп отыр. 

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Тергеушілердің болжамынша, тапсырыс берген адам талай жылдан бері Нұрлан Шабдарға кек сақтап келіпті. Алайда Мәскеулік киллерлер бірнеше рет Петропавлға келіп, Нұрланды аңдығанымен, ақыр соңында оны орынбасарымен шатастырып алған. Сөйтіп, бастығы емес, қапыда орынбасары қаза табады. Бұл болжамды Нұрлан Шабдар сотта естіген. Өзі кектенетіндей оның отбасымен ешқандай байланысым болған емес,- деп отыр. 

Нұрлан Шабдар, куәгер:

-Бізді шатастыратындай  түріміз ұқсамайды ғой. Марқұм мұртты жігіт болатын. Менің мұртым жоқ. Алайда бұл тергеушілердің ресми жасаған болжамы.  Анық-  қанығы сот барысында белгілі болатын шығар.