Бұл туралы СҚО-ның Мемлекеттік еңбек кинспекциясы басқармасының бөлім жетекшісі Болат Мұқашев хабарлады.
«Қайғылы оқиға 8 шілде күні «Береке» шағынауданындағы 15-пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары кезінде орын алды. 54 жастағы Серік Қазыбеков екінші қабаттан құлаған. Ол үшінші қалалық ауруханаға ауыр жарақаттармен жеткізілді. Дәрігерлер ажалға араша түсе алмады. Ота жасалғаннан кейін көз жұмған азамат құрылыста тас қалаушы болып істеген», — деді Болат Мұқашев.