Петропавлда шенеунік парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда шенеунік парамен ұсталды

Петропавлда шенеунік парамен ұсталды

Петропавлда облыстық құрылыс басқармасының бастығы 10 мың доллармен қолға түсті. Ратмир Усманов бұл қызметке былтыр ғана тағайындалған екен. 

  • 24 Мамыр 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz


Шенеунік өңірдегі белгілі кәсіпкерге тендерді ұтуға көмектеспек болған. Ал еңбегін 10 мың долларға бағалапты. Алғашында шынымен де пара беруге оқталған кәсіпкер, кейін тендерді шынымен ұтатынына күмәнданып қаржы полициясына хабарласқан. Олар Ратмир Усмановты параны санап алып жатқан жерінде қолға түсірді. Кейін атқамінердің өзі қызмет еткен облыстық әкімдікте бұл былыққа басқа әріптестерінің де қатысы барын жайып салған. Осы айғақ бойынша қазір облыстық Құрылыс басқармасында тексеру жүріп жатыр. Бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық іс те қозғалған.