Жарияланды: 390

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық салық комитетінің қызметкері пара алғандығы үшін тұтқындалды

Петропавлда ІІБ 9-басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облыстық салық комитеті бөлімдерінің бірінде істейтін қызметкерді теледидар түрінде пара алғандығы үшін тұтқындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен 4-тамызда хабарлады.

Полицияның мәліметіне сәйкес, қызметкер пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Салық мекемесіндегі тіркеу жөніндегі құжатты рәсімдеп бергені үшін шенеунік жеке кәсіпкерден теледидармен қоса 100 АҚШ долларын талап еткен. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть