Данияр Әлиев, СҚО экология департаментінің басшысы:
-Су уланбаған. Өз алдына металдар бар басқа заттар бар бәрін нормаға сәйкес болып шығып жатыр. Қатты қыс болған кезде кислород жетпей қалған балықтарға, сондықтан өз алдына сондай жеткіліксіздіктен балық қырылған.
Тоғандағы балықтардың қырылғаны жайында өткен аптада көрсеткен едік. Онда шортан мен алабұғаны айтпағанда, қоршаған ортаның кез-келген әсеріне төзімді мөңкелер де тұншыққан. Көктемде су бетіне шыққан балықтарды қыстан кейін саяжайға келген жұрт көріп, құзырлы орындарға хабар берген болатын. Балықтар судың улануынан қырылған деп топышлаған жұрт, бау-бақшаны немен суарарын білмей абдырап қалған-ды.