Петропавлда тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды

Петропавлда тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды

Петропавлда "Береке" шағын ауданында тұрғын үйден өрт шығып, бес адам қаза тапты.

  • 13 Наурыз 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

13 наурызда сағат 01:07-де облыстық ТЖ департаментіне Мәскеу өткеліндегі төрт пәтерлі кірпіш тұрғын үйден (Береке шағын ауданы) өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына алты минутта жеткен өрт сөндірушілер үйдегі №3 пәтердің жанып жатқанын анықтады. Үйдің шатыры өртке оранған, қою түтін басқан. Өрттің шығуы туралы хабарлама құзырлы органға кеш берілген.

"Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылғы үш ер адамның және 1960, 1967 жылғы 2 әйелдің денесі табылды. Қайтыс болған адамдардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді", — делінген хабарламада.

ТЖ министрлігінің ақпаратынша, үй орталық жылыту жүйесіне қосылған.


Тілсіз жау сағат 01.53-те ауыздықталып, 02.24-те сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар", — деді ТЖМ.

Қазір келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.

2022 жылғы 1 ақпанда өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аула аралау барысында өрттен көз жұмған 1960 жылғы ер адамға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынама табыс еткен болатын.

Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпайды, ішімдік ішетін адамдар ретінде есепке алынбаған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында олар ішімдік ішкен.

Соңғы жаңалықтар