Петропавлда үйдің шатырын ауыстыруға бөлінген ақша ескісін алып тастауға ғана жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда үйдің шатырын ауыстыруға бөлінген ақша ескісін алып тастауға ғана жеткен

Петропавлда үйдің шатырын ауыстыруға бөлінген ақша ескісін алып тастауға ғана жеткен

Шатырсыз қалған шаңырақ. Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша жөнделуі тиіс болған үйге жеткілікті ақша бөлінбеген. Баспананың шатырын жаңғыртуға бөлінген қаражат үйдің ескі жабынын алып тастауға ғана жетіпті. Соның салдарынан құрылыс тұралап қалыпты. Енді тұрғындар жауын бола қалса үйдің іші көлге айналады деп ашынады.

  • 14 Тамыз 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қарлығаш Шаймерденова күн сайын жатарда жаратқаннан жаңбыр жаумаса екен депбсұрайтын болдым дейді. Бірақ ала жаздай төпелеген нөсер шатырсыз отырған үйдің тұрғындарын әбден әбігерге салды. Салдарынан электр желісі істен шығып, жарты үй жарықсыз қалған. 

Қарлығаш Шаймерденова, Петропавл қаласының тұрғыны:

— Мен ауру таптым осында . Міне астмамен ауырамын, міне ұнтақ грибки дей ма, сол бәрі влиять етіп денсаулық жоқ.  Міне осы үйге көшіп келгелі инвалид болып калдым.

Бұл үй баспаналарды жаңғырту бағдарламасына еніп, әкімдік пен құрылыс фирмасы, тұрғындар арасында үш жақты келісім жасалыпты. Оған сәйкес үйдің шатырын ауыстырып, электр, су және жылыту жүйесін жаңарту үшін 51 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыны әр пәтер иесі 18 жыл бойы бөліп төлеуі тиіс. Алайда қомақты қаржы ескі шатырды қиратып, құрылыс материалдарын алуға ғана жетіпті. Жұмыс ақысын төлей алмаған фирма болса ала жаздай төбе көрсетпеген. Ал бүгін ашуға мінген жұртты жұбатуға атқамінерлер келді. Қымбат костюмдерін де аямай шатырға шығып, жағдайды барлады. Бас шайқасып, бас мердігерді шақырамыз деп түйді.  


Қайролла Ғалиев , Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

— Біз ертең бас мердігерді шақырып, бір мәмілеге келеміз. Ақшасын төлейміз деген кепілхат беріп, жұмысты аяқтауын талап етеміз. Үлгермей  жатса,  өзге фирмаларды да көмекке тартуға бармыз.   Ары кеткенде бір айда барлық жұмыстарды аяқтаймыз.  

Шатырсыз шаңырақта қыстаймыз ба деп қорқатын тұрғындар тағы да шенділердің сөзіне сеніп, жандарын шүберекке түйіп тарасты.

Бағдарламаға енгізілген өзгеріске сай биыл жаңғыртылатын үйлерге Үкімет қаржы бөлмейді. Ақша былтырғы жылдары баспаналары жөнделген тұрғындардың қайтаратын несиесінен алынады.  2011-12 жылдары  Петропавлда  92  көпқабатты үй  күрделі жөндеуден өтті. Ондағы  халықтан  қазынаға  ай сайын 4-5 миллион теңге түседі екен.Қалай санағаны белгісіз, жарты жылда жиналған  ақшаға атқамінерлер биыл екі  көпқабатты үйді жаңартуды жоспарлаған.