Петропавлда жантүршігерлік апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жантүршігерлік апат болды

Петропавлда жантүршігерлік апат болды

Петропавлда көктайғақта рөлге ие бола алмаған жүргізуші бетон бағанаға соғылып, оны түбірімен опырып түсірді. Оқыс оқиғадан тұтас ықшамаудан жарықсыз қалған. Телефон байланысы да үзіліпті.

  • 20 Наурыз 2014
  • 188
Фото - Caravan.kz


Жүргізушінің өзі аман-есен. Бірақ, шетелдік қымбат көліктің сау тамтығы қалмады. Мамандар бұл жол апатына күн райы «кінәлі» деп отыр. Түні бойы соққан дауылдың соңы қар аралас жаңбырға ұласқан. Арты көктайғаққа айналып, көліктің жүруі қиындапты. Қазір жол апатынан келген шығын көлемі есептеліп, оны кім өтейтіні анықталып жатыр. Төтенше жағдай қызметі ертең де күннің күрт суып, қалың қар түсетінін ескертіп отыр.