Петропавлда жастар акцияға не үшін қатысқанын білмей састы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жастар  акцияға не үшін қатысқанын білмей састы

Петропавлда жастар акцияға не үшін қатысқанын білмей састы

Осы Петропавлдың жастары жемқорлыққа қарсы флэш моб ұйымдастырды. Қарсылықтарын олар көшеге велосипед мініп шығып білдірді. Алайда облыстық білім бөлімі мен қаржы полициясы ұйымдастырған шараның мәнісін оған қатысқан балалардың өздері де түсінбеген сыңайлы.

  • 24 Мамыр 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

-Отан үшін, жер үшін, жемқорлықсыз ел үшін.  

70-ке жуық бала Петропавлдың орталық алаңынан шығып, қала көшелерімен жүріп өтті. Жемқорлыққа қарсы кезекті шараның дәл осылай өтуі тегін емес дейді ұйымдастырушылар. Қызылжар өңірі Олимпида чемпионы Александр  Винокуровтың туған жері. Сондықтан жергілікті жастардың спорттың осы түріне ықыласы ерекше. Алайда, мектеп оқушылары мен колледж студенттерін әдеттегідей еріксіз шығарған ұстаздар оларға жемқорлықтың не екенін түсіндірмеген де тәрізді.


Айдана Жақұтова, колледж студенті

-Мен гуманитарлық  техникалық колледждің оқушысымын. Мамандығым маркетинг. Осы бүгін жемқорылыққа қарсы акцияға қатысып жүрміз.

-жемқорлықтың не екенін  білесің бе?

-жоқ

-Білмейсің бе

-жоқ.