Петропавлда жер үйден өрт шығып 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жер үйден өрт шығып 5 адам қаза тапты

Петропавлда жер үйден өрт шығып 5 адам қаза тапты

Петропавлда жер үйден шыққан өрт 5 адамның өмірін жалмады. Тілсіз жау лезде күш алып, жапсарлас пәтерге де тиген. Қайта көршілер кішкентай сәбиімен дер кезінде далаға шығып, аман қалды.

  • 12 Мамыр 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Өрт таң алдында тұтанған. 101 қызметіне қызыл жалынды байқаған көршілері телефон шалыпты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 2 сағатта ауыздықтаған. Бірақ, түтінге тұншыққан отбасын аман алып қалу мүмкін болмады. Өртенген үйден 56 жастағы отағасы мен оның зайыбы, қызы мен күйеу баласының денесі табылған. Олармен бірге сол күні осында қонаққа келген 31 жастағы жігіт те көз жұмды. Үйдің екінші бөлігінде тұратын көршілері сыртқа шығып үлгеріпті. Өздерімен бірге газ баллоннын да ала шыққан. Айтуларынша, ішімдікке салынған көршілері сол күні қатты мас болған көрінеді.

Азамат Өрімбаев, Петропавл қалалық ТЖБ бастығы:  

-Жатын бөлмеден  табылған. Ішімдікке тойып қатты ұйықтап қалған. Сондықтан ешқандай іс- әрекет жасамаған  деп болжап отырмыз.