Жарияланды: 420

Петропавлда жоғалған баланың мәйіті табылды

Петропавлда жоғалған баланың мәйіті табылды

Петропавлда жоғалған баланың мәйіті табылды.

Петропавлда 2-ші шілдеден бері іздестіріліп жатқан 6 жасар Андрей Дорошенконың мәйіті табылды. Қазір оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бала Тауфиқ Мұхамед-Рахымов көшесіндегі 29 үйдің ауласында ойнап жүріп, із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ал бүгін полицейлер мен еріктілер баланың өлі денесін Есіл өзенінің жағасынан тауып алды. Әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз.

«Бала суға кетті ме, не болмаса біреу тұншықтырды ма? Дөп басып айту қиын. Кейін қайтыс болу себептері белгілі болады. Іздестіру шаралары барысында үйлердің маңдары, Есіл өзінің жағасы тексерілді. Айта кету керек, бүлдіршін бұған дейін де үйінен кетіп қалып, табылған», - деді СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Нұрбек Баекин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін