Петропавлда жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Петропавлда жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның жанындағы жол полициясының дербес батальонының кезекшісі, аға инспектор пара алғаны үшін кідіртілді. Оны ұстау шарасын ІІБ-ның 9-басқармасы мен ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қазан 2003
  • 426
Фото - Caravan.kz

Полицей тәркіленген жүргізуші құжатын қайтарып беру үшін 4000 теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Құжаттарды қайтарып берген қызмет төлеміне ақша талап еткен полиция қызметкері туралы құжат иесі ІІБ-ның ішкі қауіпсіздік бөліміне хабарлаған. Қамауға алу кезінде куәгерлердің көзінше полиция қызметкерінен таңбаланған купюралар тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тұтқынға ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабы, 2-бөлімі бойынша айып жүктелді. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Жыл басынан бері облыста ішкі істер органының қызметкерлері тарапынан жасалған 20 құқық бұзу әрекеті әшкереленді. 56 полицейге тәртіптік жауапкершілік жүктеліп, жетеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар