Петропавлдің іргесінде 150-ден аса саяжайды су басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдің іргесінде 150-ден аса саяжайды су басып қалды

Петропавлдің іргесінде 150-ден аса саяжайды су басып қалды

 Петропавл қаласының қасында Заречный ауылында 155 бау-бақшалық учаске су астында қалды, деп хабарлады

  • 4 Мамыр 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz


дүйсенбіде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Оның ақпаратына қарағанда, бұл саяжайлар Есіл өзені арнасындағы теміржол көпірінің қасында орналасқан.
Е.Журавлев атап өткендей, өткен жылы су қалалық жағажай, Заречный ауылы, Кожзавод аумағындағы 5 мыңнан аса саяжайды басып қалған екен.
"Биыл су ондай көп болады деп санамаймыз, дегенмен ол жерде рейд жүргіздік”, деді ол.
Қазір ол жерлерде Есіл өзенінің су деңгейін бақылау үшін бекеттер қойылған, деді ол.