Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Петропавл қ. Назарбаев зияткерлік мектебі директорының салалық-тәжірибелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Данияр Уәлиев хабарлады.
«Ештен кеш жақсы! Оқушымыз Әлімхан Головкиннің шаршы алаңдағы кезекті жарысынан кейін оны ерекше құттықтау мақсатымен GGG роботын жасады», — деп атап өтті Данияр Уәлиев.
"Хабар" арнасының жазуынша, өнертапқыштың ендігі арманы осы туындысын чемпионның өзіне сыйға тарту екен.