Жарияланды: 8300

Петропавлдық жігіт анасына алимент төлеуге міндеттелді

Петропавлдық жігіт анасына алимент төлеуге міндеттелді Сурет - скриншот

Қызылжарлық жігіт анасына алимент төлейтін болды. Ұлын сотқа берген зейнеткер ақыры оны жеңіп шығып, ай сайын 7 мың теңге төлемге қол жеткізіп отыр. Кәмия Мұқашева алғашында баласы Марбұланнан 20 мың теңгеден аса алимент талап еткен. Бірақ тараптарды тыңдаған сот, алимент көлемін үш есе қысқартыпты.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Баласын сотқа берген ана туралы өткен айда хабарлағанбыз. Жанжалдың басталуына отбасындағы кикілжің себеп. Он бала туса да, қартайғанда жалғыз қалған Кәмия Мұқашева 60 мың зейнетақы ас суыма жетпейді деп ортаншы ұлынан алимент талап еткен еді. Анасынан бас тартқан Марбұлан болса, «бала кезімде дұрыс бақпады» деп, ақша төлеуден ат-тонын ала қашқан-ды. Енді туыстардың дауына сот нүкте қойды. Ал Кәмия әжей, аз да болса, 7 мың тұрмысыма сеп болар деп отыр.

"Сот болған соң оның шешіміне көндік, жарайды. 22-25 мың теңге бола ма деп ойлағанмын. Енді пәтерақыны төлеп, тамақ аламын. Жасыратыны жоқ, үйде ет жоқ. Нан, сүт, шайға жетеді" дейді Кәмия Мұқашева.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін