Жарияланды: 400

Петропавловск қаласында 73 жастағы кейуана жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратты хабарлады

Петропавловск. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында 73 жастағы кейуана жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратты хабарлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қоңырау шалған әйел "мина орнатылған" екі қабатты ғимараттың мекенжайын көрсеткен, онда оншақты отбасы тұрады. "Дабыл бойынша полиция, ҰҚК және "жедел жәрдем" қызметкерлері аяғынан тұрғызылды. Жол полициясының қызметкерлері көшелердегі қозғалысты тоқтатты. Барлық тұрғындар сыртқа шығарылып, сол маңай қоршалды. "Арлан" арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері техникалық құралдардың көмегімен ғимаратты мұқият тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары телефон соққан адамның аты-жөнін анықтады. Ұсталған қарт әйел мас болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау үшін материал жиналады, сараптама тағайындалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін