Петропавловскіде полицейлер есірткі сатушыны құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловскіде полицейлер есірткі сатушыны құрықтады

Петропавловскіде полицейлер есірткі сатушыны құрықтады

Петропавловск. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің жедел қызметкерлері есірткі сатушыны құрықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау жасау басқармасының қызметкері Айгүл Әмренова хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Полицейлерге Салам атты бір жігіттің есірткі сататандығы туралы жедел хабар келіп түскен. Есірткі сатушы өзінің қара ісімен қала мектептерінің бірінің маңында айналысқандығы таң қалдырады»,- деді Айгүл Әмренова.

Оның айтуынша, жедел қызметкерлер жедел-тергеу шаралары барысында алынған мәліметтің ақиқаттығына көз жеткізген. 26 жасар күдікті өз үйінде құрықталды. Есірткі сатушының жеке заттарын тексеру барысында 7 дорбаға бөлініп салынған 4 граммға жуық героин табылған. «Бірақ бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған күдікті героинді өзінің тұтынуы үшін сақтағаны туралы түсіндіруге тырысқан. Көптен бері есірткі диспансері мен полицейлердің есебінде тұрған есірткі құмар есірткі сатқаны үшін тағайындалатын жазадан оны сақтағаны үшін тағайындалатын жазаның айтарлықтай жеңіл екендігін жақсы біледі»,- деді ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау жасау басқармасының қызметкері.

Күдіктінің пәтерін тінту барысында полицейлер сондай-ақ 2 мың АҚШ долларын тапқан. Полицейлердің болжамына сүйенсек, бұл ақша «қасірет ұнтағының» кезекті көлемін сатып алуға арналған. Есірткі сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. «Дәл осылай тағы бір 48 жасар ауыл жұмысшысы ұсталды. Есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталған. Бұрын бірнеше рет сотталған есірткі құмар Красин және Пугачев көшелерінің қиылысында наркомандарға героиннің бірнеше дозасын сатқаннан кейін қолға түскен. Ол сатқан героиннің салмағы 5 граммнан асып жығылады»,- деп хабарлады А. Әмренова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті