"Pfizer 50 000 теңге тұрады": Вакцина бағасына қатысты ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Pfizer 50 000 теңге тұрады": Вакцина бағасына қатысты ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

"Pfizer 50 000 теңге тұрады": Вакцина бағасына қатысты ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желі қолданушылары Pfizer/BioNTech вакцинасының бағасы жайлы хабарламаны жаппай таратуда. Автордың сөзінше, вакцинаны ерікті түрде алғысы келетін азаматтар 50 000 теңге төлеуі қажет. Алайда емханада бұл ақпаратты жоққа шығарды.

  • 9 Желтоқсан 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарлама авторы бұл туралы Алматыдағы №4 емханадан естігенін айтқан. Бірақ емхана қызметкерлері вакцина бағасының әлі бекітілмегенін мәлімдеді. 

"Қазір №4 емханада Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетін азаматтарды алдын ала тіркеу жүріп жатыр. Әзірге бағасы белгісіз. Қалалық емхана қызметкерлеріне вакцина құны жайлы бұйрық келіп түскен жоқ", — деді мекеме қызметкерлері. 

Сонымен қатар Pfizer препаратын 12 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тегін ала алатынын қосып өтті. 


Соңғы жаңалықтар