Пілдің баласы «суға аққан» адамды құтқарып алды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пілдің баласы «суға аққан» адамды құтқарып алды (ВИДЕО)

Пілдің баласы «суға аққан» адамды құтқарып алды (ВИДЕО)

Піл баласының ағысы қатты судан шыға алмай жатқан адамды құтқарып алған сәті түсірілген бейнеролик интернетте пайда болды.

  • 17 Қазан 2016
  • 591
Фото - Caravan.kz

Тайландтың Пілдер табиғи паркінде түсірілген видео YouTube хостингіндегі elephantnews каналына жүктелген, деп жазады Sn.kz.

Кейінірек белгілі болғандай, суға кеткен адам пілдердің үйретушісі екен. 42 жастағы Даррик Томсон алып жануарлардың реакциясын тексеру үшін осындай тәжірибе жасапты. Нәтижесінде, пілдерде де жанашырлық сезімінің дамығаны анықталды.

«Біз жануарларға өз махаббатымызды бере алсақ, олар бізге де махаббатпен жауап қайтарады, менің тәжірибем осыны көрсетті», — дейді Даррик Томсон.